Сызбалар, есептер, ситуациялар

1.Саяси элита (француз сөзінен аударғанда «elite»-таңдаулы,ең жақсыдеген мағынаны білдіреді)-билік құрылымында басшылық етуші позициялық еркін алады және биліктің қолдану байланысында ең маңызды шешімдерді қабылдауға тікелей қатысады.

Саяси элитаның қызметі:

•стратегиялық — жалпы қоғамының қызығушылығын көрсететін,бөлшектенген жіктер мен таптардың саяси бағдарламаларының әрекетін жаңа идеялар яғни генерирлік жолымен анықтау.

• коммуникативті — қоғам мен билік институттарының арасындағы байланысты қамтамасыз ету.

• ұйымдастырушылық –саяси шешімдерді және өндірілген бағытты тәжірибе жүзінде жүзеге асыру.

• интегративті –қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын,оның саяси және экономикалық жүйесінің беріктігін,жанжалды болдырмау және шешілу ахуалын нығайту.

Саяси элиталардың типтері (толықтырыныз):

саяси_______________________________________________________________________________________________________________________________

экономикалық______________________________________________________________________________________________________________________әскери______________________________________________________________________________________________________________________________ғылыми және техникалық

мәдени___________________________________________________________________________________________________________________________________

рухани______________________________________________________________________________________________________________________________________

көленкелі контрэлита__________________________________________________________________________________________________________________________________________

өктемдік__________________________________________________________________________________________________________________________________

Элитаның теориялары:

В.Парето:барлық қоғам басқарушы және басқарылатын болып бөлінеді;өз кезегінде басқарушы өз билігін иілгіштік,қулық,күшін,сенімін және оппзицияға озбырлық басымдығын қолдану дайындығын сақтайды; элиталарды психологиялық негізде екі маңызды типке жіктейді:түлкілер (қулық,айлакерлік,өзінің билігін «насихат»арқылы жүргізу ұстау талпынысы) және арыстандар (батылдық, шешімділік,зорлыққа көп көңіл бөлінеді); саяси өзгерістер элитаның ауысуы арқылы іске асады («элита айналымы»); элитаны басқаруға психологиялық жарамсыз болғанда өзгеріс болады.

Г.Моска:әрқашан да элитаны қоғам басқарады-элита экономикалық және саяси өмірді реттейді,қоғамда жоғары бағаланатын айқын билік ресурстарын және атрибуттарын билейді.

Р.Михельс:«олигархия» заңын құрған; қоғам және басқа да ұйымдар олигархия өктемдігіне тартылады, ал көпшілікке психологиялық лидер қажеттілігіне тән, сондықтан демократия қатаң түрде мүмкін емес; жақсы жағдайда ол екі олигархиялық ұйымның бәсекесінен құрылады.

Саяси лидер (ағылшын тілінен аударғанда «leader»-«басқарушы»,»жолды көрсетуші» мағынасын білдіреді)-қоғамның, топтың, ұйымның абыройлы мүшесі, саяси процестерде және ситуацияларда маңызды роль ойнайды.

Саяси лидердің мінез-құлық сипаты:

• үлкен әлеуметтік топтардың мүддесіне жауап беретін саяси бағдарламаның анық бар болуы.

• әйгілілік, адам симпатиясын жаулап алу, ұнау қабылеті.

• саяси ерік,өзіне жаупкершілікті алу дайындығы.

• саяси интуиция және өткір ақыл.

• ұйымдастырушылық талант және ораторлық қабілеті.

Саяси лидердің қызметі:

• қоғамның интеграциясы, халықтық қауымның бірлесуі.

• саяси шешімдерді табу және тиімді қабылдау.

• әлеуметтік сарапшы және патронаж; қауымды заңсыздықтан сақтау қоғамда тәртіпті ұстау.

• билікпен қауымның коммуникациясы, саяси басшылықтан азаматтардың жатсынуын жою.

• саяси құрылыстың заңдылығы.

Саяси лидерліктің типологиясы:

• Өктемділік типтерінің идеалдығына байланысты (М.Вебер):

дәстүрлік___________________________________________________________________________________________________________________________заңды______________________________________________________________________________________________________________________________

харизматикалық____________________________________________________________________________________________________________________

7) Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
Альтернатива бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу, Мысалы, сайлау кезінде бірнеше үміткерлердің біреуіне ғана дауыс беру.
Делегат съезде, конференцияда, конгресте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, ұжымның, партияның мақсатын көздейтін өкілі.
Инагурация 1) мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме және т.б. салтанатты түрде ашу.
Саяси лидер партияның,саяси ұйымның немесе қозғалыстың басшысы. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерлерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол білімділігімен, көрегендік, шешендік, саяси мәдениеттілік және т.б. қасиеттерімен көзге түседі. Саяси серкелерді авторитарлық және демократиалық, формалды және формалсыз және т.т. етіп жіктейді.
Лобби белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады. Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздеріне керекті өзгерістер жасауға және т.с.с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлі әдіс тәсілді пайдаланады.
Меритократия ерекше қабілетті, құзыретті, таланттылардың билігі.
Популизм саясаткердің немесе қоғамдық институттардың саяси қызмет атқару тәсәлі. Олар мынадай ерекшеліктермен сипатталады: көпшіліктің тап казіргі қарапайым талаптарын желеу етіп, құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тіліндегі сөздерді, тіркестерді қолдану, асыра сілтеп уәде беру, халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т.с.с.
Президент 1) республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы ; 2) сайлап қойылатын басшы, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, корпорация, компания және т.б. төрағасы.
Прерогатива белгілі бір мекеменің немесе лауазымды адамның жеке дара құқығы. Мысалы, президенттің немесе парламенттің заң негізінде бекітілген құқықтары бар.
Путч мемлекеттік төңкеріс жасау үшін ұйымдасқан адамдардың қылмыстық әрекеті, бүлік.

8) Мәнжазба тақырыптары

1. Элитаның классикалық теориясы.

2. Г.Москаның «Саяси тап» теориясы.

3. Қазіргі саяси элита теориясы.

4. Элитаның түрлері.

5. Қазақстандық саяси элитаның даму тенденциясы.

9) Әдебиеттер

1. Ашин Г.К., Охотский Е.В. Курс элитологии. М.,1999

2. Аврамова Е., Дласкин И.Современные трансформации и элиты //

Общественные науки и современность.1999,№3

3. Блондель Ж. Политическое лидерство. М.,1992

4. Болатбаева А. Формирование имиджа политического лидера. Алматы,2000

5. Политическое лидерство в современном Казахстане. Алматы,1998

1) №13 Сабақ

Тақырып Саяси технологиялар және болжау

2) Сабақ мақсаты: Саясаттануда саяси технологияның күшімен қоғамды ұтымды басқаруға негізделетіндігін, әртүрлі саяси күштердің арасындағы демократиялық принциптердің орнауына себепкер екенің, қоғамдағы мызғымас тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігін студенттерге түсіндіру. «Саяси технологиялар» арқылы билікті қолданудың әрекет, тәсілдері түсіндіріледі, саяси басқарудағы міндеттерді шешетіндігің жеткізу.

3) Семинар жоспары:

1. Саяси технологиялар ұғымы.

2. Саяси технологиялардың қоғамдық-саяси өмірді танып білудегі маңызы.

Саяси технологиялардың типтері.

3. Саяси шешімдерді қабылдау. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру

технологиялары.

4. Үгіт насихаттық типтегі ақпараттық технологиялар. Технология. (PR).

5. Сайлау жүйесі. Сайлау науқанының стратегиясы және тактикасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *