«Макростар» Сабақ жоспары (10 сынып)

hello_html_7881d0cc.gifСынып

10 Ә

Күні

5.12. 2016

Сабақтың тақырыбы:

Макростар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Макрос деген ұғыммен танысу, макростарды дұрыс пайдалануды білу;

Тәрбиелілік: Есте сақтау, талдау, қорытынды шығару қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Өз бетімен және топпен жұмыс істеуге, өзін-өзі бағалауға, жауапкершілікке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерактивті тақта, жұмыс дәптері

Оқытудың нәтижесі:

САБАҚ БАРЫСЫ

Уақыты

(мин)

Кезеңдер:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

2 мин

I.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу.. Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу. Оқу-құралдарын тексеру.

Балаларды ортаға шақыру

1-2 санағы арқылы оқушыларды топқа бөлу

Мұғаліммен амандасады

Топқа бөлінеді

7 мин

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Аквариумдағы балық әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы еске түсіру;

Бастапқы күйде 1-2-3-4 ке саналу арқылы топқа бөліну

16-17 тақырып бойынша компьютерде тест жұмысын алу

Аквариумдағы балық әдісі бойынша үйге берілген тапсырманы еске түсіріп кезекпен айтып шығады.

Компьютерде тест тапсырып қорытындысын мұғалімге хабарлау.

15 мин

IІІ.Жаңа оқу материалын таныту

І. Жаңа тақырыпқа жетелейтін тапсырма орындау ұсынылады.

Макрос деген терминді естіп не көргендеріміз ма?

Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосқанда қандай ескерту терезесін байқайсыздар?

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Әр топқа тақырыпты оқу тапсырылады.

«Ма
кростар»
тақырыбына біраз түсінік беру, кітаппен жұмыс жасайды.

18 тақырыпты оқу /5 мин/

Макростар үнемі белсенді құжаттарда орындалады. Кейбір макростардың әрекеті кірістіру позициясына байланысты. Басқалары арнайы бір объектіге ғана жүгінеді (мысалы, абзацқа немесе ерекшеленген мәтіннің бөлігіне). Егер де макрос арнайы бір бөлекке жүгінбесе (мысалы, келесі терезеге өту командасын орындау), онда оны кез келген уақыттта орындаға болады.

Макростардың екі түрі болады: ішкі және сыртқы. Ішкі макрос тікелей құжатқа немес үлгіге енеді, және егерде қолданушы осы файлмен жұмыс жасаса ғана орындалуы мүмкін. Егер сіз Normal үлгісі үшін макрос құрсаңыз, онда оны осы үлгінің негізінде құрылған құжат үшін ғана орындауға болады. Бұл макростардың артықшылығы, компьютерден компьютерге және қатқыл дискіге құжатпен бірге көшіріледі.

Сыртқы макросты — егер оның құжаттармен жұмыс жасау кезінде пайдасы болса қолдануға болады. Егер сіз коп үлгілерді қолдансаныз, онда әрқайсысына макрос енгізу ыңғайлы емес. Сыртқы макросты кез келген құжаттармен жұмыс жасау кезінде қолдануға болады және компьютерден компьютрге еркін тасымалдауға болады. Сыртқы макросты құру үшін, оны BAS деген кеңейтілуімен сақтау қажет.

Макростарды құру

Макросты құрудың ең қарапайым тәсілі -құжатқа керекті әрекетті жазу. Командаларды жүйелілігін бір рет жазып қойып, осындай әрекеттерді орындау қажет болғанда, макросты тышқанмен шерту арқылы шақыруға болады.

Макростарды жазу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Лентадағы Түр қосымшасына біртекті топтағы Макростар деген батырмаға шертініз. Менюдегі макростың Жазу командасын таңданыз.

Кемпірқосақ әдісін қолдану.

Оқушылар тақырыпты оқиды. Топта талқылайды.

«Кемпірқосақ әдісі» бойынша топқа бөлініп «Жаңа топта» талқылайды, содан кейін «Жаңа топта» не талқылағандықтары туралы айту үшін «бастапқы топқа» қайта оралады.

13 мин

ІV.Бiлiмдерін бекiту.

  • Стикердегі диалог әдісі бойынша әр топқа тапсырма береді

  • Тәжірибелік тапсырманы компьютерде орындау 127-бет

  • Стикердегі диалог әдісі бойынша әр топ стикерге сұрақтар жазады, келесі топпен стикерлер алмасады, стикерге жауап береді.

  • Тапсырма  орындау

6 мин

V. Бағалау.

Қорытындылау

Сабақты қорытындылап, бағалау үшін «Шығу парағы»қолдану

 Білдім

Үйрендім

Үйренгім келеді

 

 

Мұғалім оқушыларға қойған бағасы мен олардың тест жұмысынан алған бағаларынан жиынтық баға шығарады. Бағаларды дәлелдеу

Сабақты қорытындылап, бағалау үшін «Шығу парағы»қолдану

 

2 мин

VI. Үй тапсырмасы туралы мәлімет.

Үйге берілген тапсырманы хабарлау, оның орындау әдiстемесiн түсiндiру.

18 тақырып 121-127 бет

Оқушылар үйге берген тапсырманы күнделікке жазады. Сұрақтары болса сұрайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *